Париж-2024: Боксшы Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Париж Олимпиадасындағы жарыстың бесінші күні сәтсіз басталды. Боксшы Махмұд Сабырхан бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Дегенмен қазақстандық төрт былғары қолғап шебері ширек финалға шығып қойды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгін шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан испаниялық қарсыласына есе жіберіп алды. Жекпе-жек өте тартысты өтті. 57 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын жерлесіміз төрешілердің шешімімен ұпай саны бойынша есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады. Олимпиаданың алғашқы күндері спортшыларымыз алтын, қола алып, жеңе бастағанына үйрене қалып едік. Соңғы үш күнде ел қоржынына медаль түспей жатыр, тиісінше көңіл күйіміз де жоқ. Дегенмен алда әлі талай жарыс бар. Дзюдошыларымыз командалық жарыста сынға түседі, бүгін үстел теннисінен, гимнастикадан және стенд атудан да сайыстар бар. Сондай-ақ төрт боксшымыз ширек финалда. Олар – егіз Оралбайлар, Сәкен Бибосынов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Олардың кез келгені жүлдегер атануы мүмкін. Сондықтан ұлттық құрамаға жанкүйер болайық, қолдайық!
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22