Алматыдағы экологиялық хабта ашық есік күні өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы экологиялық хабта ашық есік күні өтті

31.07.2024

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Экологиялық хабта ашық есік күні өтті. Қала тұрғындары, әсіресе, жастар пластикалық ыдыс, сусабындардың босаған құтысы мен шыны бөтелкелерді тапсырды. Сондай-ақ қоқысты қайта өңдеудің жолдарымен танысты. Ол үшін оқыту дәрістері, шеберлік сағаттары жүргізіліп, келушілер өз қолдарымен сөмке, хош иісті сабын, шырақ жасап көрді. Креативті кеңістік базасында ашылған бұл орталықта қоқысты қажет бұйымға айналдырып, өзімен әкету үшін арнайы құрылғылар сатып алынған. Жоба авторларының айтуынша, эко-хабтың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамыту, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді насихаттау. Оған қоса қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын жастардың бойына сіңірсек дейді.

Мақсат Аманов, «Алатау Комьюнити» орталығының жетекшісі:

Сегіз аудандағы комьюнити орталықтарда қабылдау пункттері болады. Әр адам келіп, пластик ыдыстарын, қоқыстарын қалдыра алады. Біз оның бәрін жинап, осы эко-хабқа өткіземіз. Ол осы жерде сұрыпталып, пайдалы дүние жасалады деген ойдамыз.


Жазира Оразқызы


#экология #алматы #қоқыс

Хабарламаларға жазылу