Түркістан облысында селфи жасаймын деп суға кеткен қыз әлі табылған жоқ. Оқиға орнында сүңгуірлер мен құтқарушылардан құралған арнайы бригада екі жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов мәлім етті.
Ақылбек Ахметжанов, ӨР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:
Ағыс қатты болғаннан кейін оның үстіне суда көру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біздің сүңгуірлер еш көрінбесе де жұмыс істеп жатыр. Ол жерде екі топ жұмыс істеп жатыр. Қажет болған жағдайда тағы да тартамыз құтқарушыларды.
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы ақпарат шілденің 28-і күні таңғы 10-да түскен. Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіндегі өзенге жасөспірім қыздың суға батып кеткені анықталған. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда аяғы тайып, өзенге құлап кеткен.
Жалпы елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 102 адам суға батқан. Олардың 35-і кәмелет жасқа толмағандар. Балалар көбіне ата-ананың қарауынсыз қалған кезде суға кетіп, ажал құшады. Ал ересектер масаң күйі суға шомылған жағдайда бақилық болады, - дейді ведомство өкілі.
Қаракөз Тұрмағанбет