Сауд Арабияда өткен Олимпиаданың жеңімпаздары Астанаға оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабияда өткен Олимпиаданың жеңімпаздары Астанаға оралды

31.07.2024

Қазақстандық оқушылар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 56-шы Халықаралық химия олимпиадасынан жүлдемен оралды. Оларды елорда әуежайынан туыстары мен достары думандатып қарсы алды. Павлодардағы дарынды балаларға арналған білім ордасының 11-сынып оқушысы Ринат Елеусізов пен Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірті Кирилл Ким алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар Абылай Қабдулхадыр күміс, ал Әділжан Молдағұл қола медаль алды. Осылайша құрама әлемдегі ең беделді Олимпиадада 100% нәтиже көрсетті. Ел мерейін асқақтатқан оқушыларға енді жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ қомақты ақшалай сыйақы берілмек.

Абылай Қабдулхадыр, ICHO-2024 Халықаралық химия олимпиадасының күміс медаль иегері:

Мен үшін олимпиада қиын болды. Бірінші тәжірибелік емтихан болды. Соны 5 сағат шығардық. Екі тапсырма болды. Теориялық емтиханда 9 тапсырма болды. Оларды да 5 сағат шығардық.


Жандос Темірғали

#олимпиада #химия #дарын

Хабарламаларға жазылу