Бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен сайысқа түседі. Триатлондағы тартыста Екатерина Шабалина ел намысын қорғайды. Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский 50 метрге оқ атады. Бокстан Махмуд Сабыржан және Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады. Милад Карими болса, спорт гимнастикасы бойынша көпсайысқа қатысады. Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде әзірге 12-ші орында тұрмыз.
Стендтік ату
11:00. Әйелдер
Оқ ату
12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер. Мария Дмитриенко
12:00. 50 метрге ату. Іріктеу. Ерлер. Ислам Сатпаев, Константин Малиновский
Бокс
Ерлер. 57 келі. 1/8 финал
14:16. Махмуд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания)
Әйелдер. 75 келіге дейін. 1/8 финал
00:36. Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама)
Спорт гимнастикасы
20:30. Көпсайыс. Ерлер. Милад Карими.
Қазақстан -1 алтын, 2 қола
Орын - 12
Азамат Нұғыманов