Елімізде орман өртіне кінәлілер 7,5 млн теңге айыппұл арқалады
Елімізде орман өртіне кінәлілер 7,5 млн теңге айыппұл арқалады. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың дерегінше Мемлекеттік орман күзеті биыл өрт тұтануына кінәлі 13 адамды ұстады. Қазір олардан 700 мың теңге өндіріп алынған. Жалпы еліміз бойынша 36 мың гектар орман алқабы өртке оранды. Ал ең ірі орман өрті Жамбыл облысында тіркелген. Мұнда қызыл жалын 19 мың гектар аумақты шарпыған. Атырау облысында 10,4 мың гектар аумақ жанып кеткен. Министр өртті ерте анықтайтын жүйені утильалым қаражаты есебінен орнатуды ұсынды. Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов от ошағын уақытылы анықтау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін айтты.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Қазір өрт қаупі жоғары маусымның нағыз қызған шағы. Қазгидромедтің деректеріне сәйкес жаздың соңына дейін елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады. Оңтүстік өңірлерде тамыз-қыркүйек айларында аптап ыстық күтілуде. Биылдың өзінде 161 орман өрті тіркелді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07