Париж-2024: Палуандарымыз бен жүзушілеріміздің жолы болмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Палуандарымыз бен жүзушілеріміздің жолы болмады

30.07.2024

Париж олимпиадасының төртінші күнінде жарысқа шыққан қазақстандық дзюдошылар алғашқы айналымда жеңілді. Сондай-ақ 100 метр мәреге еркін әдіспен жүзуде іріктеуге түскен Әділбек Мусин де жарыстағы жолын аяқтады.

Бүгін татамиге екі бірдей балуанымыз шықты. 81 келі салмақ дәрежесінде күрескен Абылайхан Жұбаназар венгриялық спортшыдан жеңіліп қалды. Осылайша ол жарыстағы жолын аяқтады. Ал әйелдер арасында 63 келі салмақта күрескен Эсмигүл Құйылова аустриялық балуанға жол берді.

Эсмигүл Құйылова, дзюдодан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:

Өзімнің күресіммен күресіп, өзімнің әдіс-тәсілімді қолдануым керек еді. Соған әрекет жасадым, бірақ есе жіберіп қойдым. Қиындау болды. Әрекет жасадым, дегенмен уақыт кішкене жетпей қалды.

100 метрге еркін әдіспен жүзуде іріктеуде сынға түскен Әділ Мусин де келесі айналымға өте алмады. Ол мәреге 8-ші болып келді. Енді жерлесіміз 2 тамыз күні 100 метрге батрфляй әдісімен жүзуден сынға түседі. Бүгін Астана уақытымен 19:18-де 80 келі салмақта жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 23:00-де 51 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов жұдырықтасады. Боксшыларға сәттілік тілейміз.


#олимпиада2024 #спорт #қазақстан

Хабарламаларға жазылу