Басты Жаңалықтар Еңбек нарығындағы әйелдердің үлесі: Орталық Азия бойынша Қазақстан көш бастап тұр

Еңбек нарығындағы әйелдердің үлесі: Орталық Азия бойынша Қазақстан көш бастап тұр

Орталық Азия елдері арасында, әйелдердің жұмыс күші ретінде еңбекке тартылу деңгейі бойынша, Қазақстан көш бастап тұр. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сай, пандемия кезінде қыз-келіншектердің еңбек нарығына араласу үрдісі күрт төмендеп кеткен еді.

Соңғы үш жылда біртіндеп өсіп келеді. Былтыр бұл көрсеткіш әлем бойынша еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің 48,7%-ын құрады. Ал, Орталық Азия елдері арасында әйелдердің еңбекке араласуының ең жоғары деңгейі Қазақстанда – 63,2%. Одан кейінгі орында 59,2% -бен Беларусь. Үшінші болып кестеде Армения тұр. Бұл елдегі көрсеткіш 56%. Қыз келіншектердің жұмысқа тартылуының ең төменгі деңгейі Тәжікстан мен Өзбекстанда. Қос елде сәйкесінше 31,5% және 39,9%.

Әлем бойынша - 48,7%

Қазақстан – 63,2%

Беларусь – 59,2%

Армения – 56%

Өзбекстан –39,9%

Тәжікстан – 31,5% 


Бөлісу