Париж-2024: Қазақстан медаль санымен 12-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Қазақстан медаль санымен 12-орында

30.07.2024

Кешегі күнді спортшыларымыз сәтсіз аяқтады. Садақ атудан ұлттық құрама италиялықтарға есе жіберіп алды. Дзюдошы Данияр Шамшаев да бірінші айналымда жарыстан шығып қалса, семсерші Әйгерім Сарыбай француз балуанына жол берді. Токио олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та жарыстағы жолын аяқтады. 

Олимпиаданың үшінші күнін мергендер ашып берді. Садақ атудан командалық бәсекеде спортшыларымыз италиялықтарға жеңілді. Жерлестеріміз Италия құрамасымен 4:4 есебімен тең түсіп, соңғы кезеңде екі ұпайға есе жіберіп алды.

Дәулеткелді Жаңбырбай – Садақ атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:

Бүкіл жүрегімізбен тырысып, күшімізді бердік. Қолымыздан келгенін жасадық, бірақ бұйырмады. Негізі кішкене қобалжу алып кетті.

Ал, әйелдер арасында семсерлесуден Әйгерім Сарыбай да 1/16 финалда француз спортшысы Марин Брюнеге жол берді. Айта кету керек, Әйгерім семсерлесуден Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы. 73 келі салмақ дәржесінде күрескен дзюдошы Данияр Шамшаев та өзбекстандық Муроджон Юлдошовтан айласын асыра алмады. Олимпиадамен қош айтысқан тағы бір спортшы – Қамшыбек Қоңқабаев.Оның жолын испаниялық Аюб Гадфа Дриссиге кесті.

Ал, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Азия ойындарының жүлдегері тайпейлік былғары қолғап шеберін тізе бүктірді.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Бокстан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:

Екінші жекпе-жек болған соң рингті сезіне бастадым. Бапкерлер қойған тактикалар мен тапсырмаларын толығымен орындадым.Соның арқасында жеңіске жетіп отырмын.

Сондай-ақ теннисшілеріміз де олимпиаданы аяқтады. Жұптық сында өнер көрсеткен Александр Бублик пен Александр Недовесов бразиялықтарға есе жіберді.

Айта кету керек қазір қазір Қазақстан қоржынында Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев және Ислам Сатпаев пен Александра Ле салған бір алтын, екі қола медаль бар. Осындай көрсеткеішпен Қазақстан бейресми емес командалық есепте 15-орында тұр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу