Бүгін Олимпиадада спортшыларымыз спорттың бес түрінен сынға түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Олимпиадада спортшыларымыз спорттың бес түрінен сынға түседі

30.07.2024

Кеше спортшыларымыз париж олимпиадасында медаль олжалай алмады. Дегенмен, бүгін қанжығамыз майланар деген үміт бар. Себебі, спортшыларымыз спорттың бес түрінен сынға түседі. Сайыстарды сағат тілімен, рет-ретімен түгендеп өтейік. Әуелі 12-де стендтік ату басталады. Іріктеу кезеңіне Мария Дмитриенко қатысады. Дзюдодан тағы да медальға дәмеліміз. Себебі, балуанымыз Абылайхан Жұбаназар өнер көрсетеді.

Ал, бокстан Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шығады. Былғары қолғап бәсекесінен медаль алар деп сенеміз. Суға жүзуден Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта бақ сынаса, Ильтифат Абдуллин садақ атудан мергендігін тағы бір дәлелдемек. Айта кетейік, жарыстың басталуы кестеде көрсетілген уақыттан сәл өзгеріп кетуі де мүмкін. Жерлестерге бірге жанкүйер болайық!

Дзюдо

13.00. Ерлер. Іріктеу. 81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Венгрия)

13.00. Әйелдер. Іріктеу. 63 келі. Эсмигуль Куюлова - Лубьяна Пиовесана (Аустрия)

Бокс

19.18. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Каллум Питерс (Аустралия)

23.00. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов - Самет Гюмюш (Түркия)

Суға жүзу

11.15. Ерлер. Еркін стиль. 100 метр. Іріктеу. Әділбек Мусин. (23.30. Жартылай финал)

Садақ ату

22.03. Ерлер. Жекелей сын. 1/32 финал. Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.


Хабарламаларға жазылу