Қызылордада газ жарылды: 4 жасөспірімнің жағдайы ауыр
Қызылордада жеке тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 4 жасөспірім ауруханаға түсті. Қазір қатты күйік шалған балалардың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнынан тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей эфирге шығуға әзір.
Әділбек Серікұлы, Тілші:
Жарылыс болған мезетте үйде үлкендер болмаған. Тіпті, бұл баспанада көптен бері адам тұрмай бос тұрған дейді көршілері. Ал зардап шеккен жасөспірімдер ауылдан қалаға қыдырып келіп, туысының үйін уақытша паналаған. Жарылыстың күштілігі сонша үйдің төбесі опырылып, ортасына түскен. Ең бірінші осы көшенің тұрғындары көмекке келіп, төртеуін түгел құтқарып алған. Күйік шалған жасөспірімдер сол мезетте облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жағдайлары ауыр деп отыр дәрігерлер.
Олжас Құрғамбай, Балалар травматологы:
2 ұл, 2 қыз газ жарылысынан күйік жарақаттарымен түсті. Көлемдері 50 пайыздан жоғары. Әрқайссынікі 50 пайыз, 60-70 пайыздың шамасында. Жарақаттары терең. Қазір реанимация бөлімшесінде реанимациялық ем шараларын қабылдап жатыр.
Әділбек Серікұлы, Тілші:
Өрт сөндірушілер жалынның ортасынан бүтін газ баллонын да алып шыққан. Ал үйдегі жарылыстың табиғи газдан болғанын мамандар растап отыр. Оқыс жағдайдың мән-жайы арнайы жүргізілген сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде қазақ мәдениетіне қызығушылық жоғары
31.01.2026, 20:11
Өскеменде шайбалы хоккейден жастар арасында турнир өтті
31.01.2026, 20:10
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінде жеңіске жетті
31.01.2026, 20:09
Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды
31.01.2026, 20:08
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде
31.01.2026, 20:07
Сарапшы: Конституциялық реформа ел игілігі үшін жасалады
31.01.2026, 20:05
Халық пікірі: Конституцияны өзгерту – қоғам дамуының заңды талабы
31.01.2026, 20:04
Ұлттық Құрылтай және Халық Кеңесі құрылып, «Миранда ережесі» бекітілмек
31.01.2026, 20:03