Қазақстан медальдар саны жағынан сегізінші орында
Мергендерімізге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Садақ атудан ұлттық құрама италиялықтарға есе жіберіп алды. Дзюдошы Данияр Шамшаев да бірінші айналымда жарыстан шығып қалды. Парижде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес қазір бізбен тікелей эфирге қосылды. Нұрсұлтан, қайырлы күн! Бүгінгі күннің нәижелері қандай?
Нұрсұлтан Тілектес – Тілші:
Бүгін медальсіз қалдық. Десе де спортшыларымыз барын салды, жанын салды. Бірақ, қарсыластың бағы жанды. Садақ атудан командалық бәсекеде спортшыларымыз италиялықтарға жеңілді. Жерлестеріміз Италия құрамасымен 4:4 есебімен тең түсіп, соңғы кезеңде екі ұпайға есе жіберіп алды. Жарыстан кейін мергендерімізбен тілдескен едік, сұхбатқа зер салсақ.
Дәулеткелді Жаңбырбай – Садақ атудан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі:
Бүкіл жүрегімізбен тырысып, күшімізді бердік. Қолымыздан келгенін жасадық, бірақ бұйырмады. 01:12 Негізі кішкене қобалжу алып кетті. Бірақ, бәріміз жақсы жұмыс істедік деп ойлаймын. Өйткені бізде бірінші олимпиада, бірінші жарысмыз.
Нұрсұлтан Тілектес – Тілші:
73 келі салмақ дәржесінде күресетін дзюдошы Данияр Шамшаев та өзбекстандық Муроджон Юлдошовтан айласын асыра алмады. Сөйтіп, жарыстағы жолын тәмамдады. Ал, әйелдер арасында семсерлесуден Әйгерім Сарыбай да 1/16 финалда Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері француз спортшысы Монон Брюнеге жол берді. Айта кету керек, Әйгерім семсерлесуден Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Қазір Қазақстан медальдар саны жағынан рейтингте 8 орынға жайғасты. Бірінші орында Жапония, ал үштікті АҚШ түйндеді. Айта кету керек, бүгін тағы екі спортшымыз жарыс жолына шығады. Олар бокстан ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен банминтоннан Дмитрий Панарин.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16