Биыл 12 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Оның ішінде жаңадан салынып жатқаны да бар. 7 мың шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Дегенмен Көлік министрлігі мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр. Жалпы елімізде автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалғаны жергілікті жолдар. . Ал, жөнделіп жатқан жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мыңы – жергілікті желіге тиесілі. 7 мыңы жыл соңына дейін аяқталады.
2 мың шақырымға жететін төрт автожол бойынша реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Ақтөбе – Қандыағаш» жолдары бар.
Халықаралық рейстер 33 бағытқа көбейді
Биыл азаматтық авиация саласында жолаушылар ағыны өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 6,8 млн адамға жетті. Отандық әуежайларда 11,3 млн жолаушыға қызмет көрсетілді.
Биыл отандық әуе компаниялары паркі 5 ұшақпен толықтырылды. Халықаралық рейстердің географиясы 33 елге дейін кеңейді. Қазір 132 бағыт бойынша аптасына 760 рейс орындалып жатыр.