Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қызу
Астанада өтетін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көршілес Өзбекстанның да спортшылары қатысады. Қыркүйек айында басталатын аламанға бүгінде қызу дайындық жүріп жатыр. Бауырлас өзбек елінің ұлттық құрамасы жүлделі орындар үшін бақ сынауға ниетті. Қазір спортшылар құрамы жасақталып, мықтыларды анықтау үшін жергілікті командалар арасында түрлі жарыстар өткізу қолға алынған.
Дүниежүзілік көшпенділер сайысы бағдарламасында спорттың 20-дан астам түрінен жарыстар өтеді деп жоспарланған. Олардың арасында Өзбекстанда кең таралған – мас-рестлинг, жекпе-жек, ат спорты, садақ ату мен арқан тарту бар.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында қыркүйектің 8 мен 13-і аралығында өтеді. Ойындарға 85-тен астам елден 2 мыңнан астам қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Олар спорттың 21 түрінен бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18