Президент тарихшы, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихшы, этнограф ғалым, шығыстанушы, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
– Қаржаубай Сартқожаұлы бар саналы ғұмырын түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге арнаған зерделі ғалым болды. Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Қарымды қаламгер ретінде оқырман қауымға ойлы шығармалар ұсынды. Соңына рухани мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Ғалыммен қоштасу рәсімі қазір Астана қаласында өтіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Әлихан Бөкейханға арналған кітап-альбом таныстырылды
16.04.2026, 10:22
Қорғалжын қорығына қоқиқаздар қайта оралды
16.04.2026, 10:21
Спортшыларымыз Азия чемпионаттарында 22 алтын медаль жеңіп алды
16.04.2026, 10:21
Астанада «Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16.04.2026, 10:20
Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев 85 жасқа қараған шағында өмірден озды
16.04.2026, 10:19
Түркістанның жасыл белдеуіне 2 мыңнан астам көшет егілді
16.04.2026, 10:19
Былтыр ақылы жолдардан бюджетке ₸86 млрд түскен
16.04.2026, 10:17
Алматыда тәртіп сақшылары шағын қонақ үйлер мен хостелдерді жаппай тексеріп жатыр
16.04.2026, 10:16