Ел қоржыны тағы бір медальмен толықты. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақ дәржесінде ерлер арасындағы жарыста қол жұлдегер атанды. Бұл осымен Ұлттық құраманың Париж олимпиадасындағы үшінші медалі. Капитан Асланбек Шымбергеновтің жарыс жолынан шығып қалғаны болмаса, боксшылар да сайысты жақсы бастады. Жазғы ойындар жайлы және спортшыларымыздың жетістіктері туралы Парижде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес толық баяндауға дайын. Нұрсұлтан, сіз тікелей байланыстасыз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
66 келі салмақ дәрежесінде дзюдодан ерлер арасындағы күресте жерлесіміз Ғұсман Қырғызбаев сенсация жасап, әлем жұртын таңқалдырды. Себебі ол соңғы Париж олимпиадасының фавориті, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ан Ба Улды жеңіп, ширек финалға шықты. 4/1 финалда ол алаң қожайыны Валид Хирярды тізе бүктірді. Ал, жартылай финалда бразилия балуанына жол берді. Деседе, жұбаныш белдесуінен соң қол медальға қол жеткізді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ал одан бір күн бұрын яғни, 27 шілде күні 60 келі салмақ дәрежесінде күресетін Елдос Сметов алтын медаль жеңіп қазақ халқын бір қуантып тастады. Ол чемпиондық жолында Ураина, Испания және Франция өкілдерімен белдесті. Осыған дейін, олимпиада ойындарынан күміс және қол медаль жеңген жерлесіміз Парижде коллекциясын алтынмен толтырды.
Елдос Сметов, дзюдан олимпиада чемпионы:
Бүгін, міне, елімізде тарих жаңарып отыр. Күрес түрлерінен Жақсылық атамыздан кейінгі Олимпиада чемпионы болу тағыдырымызға жазылған екен. Біріншісінде көрдік, күміс болды, екіншісінде қола болды. Енді үшіншісінде бел буып келген тұсымызда жетістікке қол жеткіздік. Бұл көптеген еңбекті талап етті, қаншама қиыншылықтардан өткеннен кейін Алла тағала тағдырымызға жазған екен өте қуаныштымын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ел қоржынына тағы бір медальді Ислам Сәтпаев пен Александра Ле салды. Қос спортшы пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Боксшыларымыз да жарысты сәтті бастады. 92 келі салмақ дәржесінде жұдырықтасатын Айбек Оралбай Нигерия боксшысын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Бұрымдылар арасындағы бәсекеде Назым Қызайбай болса италиялық боксшы Джорданна Соррентиноны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Назым Қызайбай, әйелдер боксынан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі:
Олимпиадада бокстасу атмосферасы өте керемет. Ұнады өзіме. Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін ағайларды кішкене қобалжытып жіберген шығармын. Бірақ, бәрі жақсы болды. Ең бастысы жеңдік.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ал команда капитаны Асланбек Шымбергенов Иорданиялық боксшыға есе жіберіп алды. Ол осымен жарыстағы жолын тәмамдады. Жарыстан шығып қалған тағы бір спортшы ол – Әбиба Әбужақынова. Соңғы үш жылда бірде-бір халықаралық жарыстарда жауырны жер иіскемеген балуанның бұл додада жолы болмады. Айта кету керек бүгін семсерлесуден, садақ атудан, дзюдо мен бокстан жерлестеріміз жарыс жолына шығады. Спортшылырамызға сәттілік тілейміз, жеңісті күндер көп болсын.
