Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығы шықпағандықтан отандық медициналық тауар өндірушілердің жұмысы тығырыққа тіреліп тұр. Бұған дейін Шымкентте медициналық бұйымдар мен дәрігерлердің қорғаныш киімдерін шығаратын «Экофарм» кәсіпорыны 4 жылдан бері шығарған өнімін өткізе алмай отырғанын айтқанбыз. Салдарынан қоймада миллиардтаған теңгенің тауары жиналып, тапсырыстың жоқтығынан 100-ден астам жұмысшы қысқартуға ұшыраған. Отандық өндіріске тұсау болып отырған денсаулық сақтау министрілгінің үш түрлі бұйрықты мақұлдап, қол қоймауы. Оның бірі медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау, екінші техникалық сипаттамасының, үшінші саудалық атауына шекті бағаны бекіту туралы. Құжаттың жоқтығынан еліміздегі медициналық бұйым шығаратын 60-қа жуық кәсіпорынның жұмысы тығырыққа тірелген. Қазір қажетті бұйрықтарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр, содан кейін барлық өтінімдер қайта қаралады, дейді салалық ведмствоның өкілдері.
Асыл Сералы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек саясаты департаментінің бас сарапшысы:
Министрліктің жауапты тұлғалары мен Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Аталған бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп болғаннан кейін отандық тауар өндірушілердің өнімдерін бұйрықтарға енгізілу жұмыстары жүргізіледі. Бұйрыққа өзгеріс енгізу үшін бір ғана отандық тауар өндіруші емес барлығының өтімдері жинақталып, қаралып, сараланып одан кейін өзгерістер енгізілу жұмыстары жүргізіледі.