Бірнеше сағаттан кейін Олимпиада ашылады: Париж қаншалықты дайын?
Бүгін - төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасы. Бірер сағаттан кейін Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталады. Тарихи сәтті Астана уақыты бойынша сағат 22:25-те «Qazaqstan», «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Қазір Францияда дайындық қызған. Полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалап жүр. Дүбірлі додаға келген спортшылар қайықтарға отырып, Сена өзенімен өтеді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Біз қазір Сена өзенінің жағасында жүрміз. Дәл осы жағалаудан сәлден соң біздің Ұлттық құраманың спортшылары қайықтарға отырып, Трокадеро алаңына барады. Барлыңызға мәлім аталған алаңда ашылу салтанатының негізі бөлігі шоу өтеді.Айта кету керек мына біз жүрген жағалаудан Қазақстаннан бөлек Жапония, Кения мемлекеттерінің де спортшылары өз қайықтарына отырады. Қалада Олимпиаданың атмасферасы қатты сезіледі, барлық жерде полицейлер жүр. Қоғамдық көліктің қозғалысы шектелген. Тек рұқсатпен жүріп тұруға болады. Қайықтарға отырған 200-ден астам елдің өкілдері сағатына 9 шақырымдық жылдамдықпен 6 шақырымды жүзіп өтуі тиіс. Ресми ақпарат бойынша Олимпиаданың ашылу салтанатын трибунадан 300 мың ал, әлем бойынша теледидарлар мен арнайы платформалардан 3 млрд адам тамашаламақ. Айта кету керек дүбірлі додада Қазақстан намысын 79 спортшы қорғайды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08