Қазақстанның үш өңірінің су энергетикалық әлеуеті зерттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның үш өңірінің су энергетикалық әлеуеті зерттеледі

26.07.2024

Су электр станцияларын салу үшін Қазақстанның үш өңірінің су энергетикалық әлеуеті зерттелмек. Жобаны Азия даму банкі қаржыландырады. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова сабақтайды.

Ертіс-Зайсан, Алакөл және Балқаш бассейндерінің су энергетикалық әлеуеті зор. Ол өңірлерде шағын және орта су электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Құрылыстың сапалы жүргізілуі үшін алдымен сараптамалық талдау қажет.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика Министрі:

Су станцияларының құрылысы таза электр энергиясын өндіру үшін маңызды. Бұдан бөлек суды үнемдеу, тіршілік көзімен қамтамасыз етудегі көмегі көп.

Жобаны жүзеге асыруға Азия даму банкі арнайы грант қарастырып отыр. Атап айтқанда әлеуетті учаскелерді зерттеуге, қаржы-экономикалық моделін жасауға және тарифтер бойынша есептеулер жүргізуге қаражат бөлмек.

Фумико Кававаки, Азия Даму банкі кеңсесінің аға директоры:

Азия даму банкі 2060-жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат еткен Қазақстан үкіметінің белсенді жоспарын жоғары бағалайды. Басқа да жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге ынталымыз.

Қуаты 600 МВт-тық су электр станциясын салу бойынша алғашқы аукционға қазақстандық және халықаралық инвесторлар тартылмақ. Банктің грантын бөлу шарасы ашық әрі әділ өтетіндіктен қатысушылар тарапынан сұраныс көп болады деп үміттенеді ұйымдастырушылар.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу