Құрылыс саласындағы цифрландыру көп түйткілді шешуге сеп болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс саласындағы цифрландыру көп түйткілді шешуге сеп болады

26.07.2024

Үлестік құрылыстағы мәселелерді шешуге саланы цифрландыру сеп болады. Үлестік қатысу шарты жасалғаннан кейін құрылыс компаниясының акционерлер ақшасын тартуға рұқсаты бар-жоғын онлайн тексеруге болады. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Жаннат Дүбірованың мәліметінше, бүгінде «Қазреестрде» 800-ден астам үлестік құрылыс нысаны туралы ақпарат бар. 100-ден астам құрылыс ұйымы тіркелген. Әзірге құрылыс саласындағы цифрландыру жұмыстары мемлекет есебінен салынып жатқан нысандарды қамтиды.

Сұлтанғали Жалқұл - ҚР ӨҚМ Құрылыс және ТҮКШ комитетінің төрағасы орынбасарының м.а:

Мердігерлік жүйелер бар, авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелер бар. Олар енді кіріс құжаттамасы, бүкіл журналдардың бәрі жүргізіліп жатыр. Енді біздің жоспар бойынша болашақта бүкіл тек қана мемлекет қаражаты есебінен салынып жатқан оюъектілер емес, бүкіл объектілерді енгізу біздің жоспарда бар.

Тығыз орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы мәселесі реттеліп жатыр

Тығыз орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысына қатысты түйткілдер де шешемін тауып келеді. Бірыңғай қала құрылысы сараптамасы іске қосылды. Яғни бұған дейін кез келген жер учаскесінде көпқабатты тұрғын үй бой көтеруге рұқсат беріп келген әкімдіктегілердің қолы қысқарды. Сәйкесінше, қалалық су мен жарық, кәріз жүйесі сияқты инфрақұрылымдарға түсетін салмақ азаяды. Енді құрылыс нысандарын саларда, тиісті аумақта мектеп пен балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың бар-жоғы есепке алынатын болады.


Хабарламаларға жазылу