Бүгін Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады
Бүгін Парижде жазғы Олимпиада ойындары басталады. Ашылу салтанаты Астана уақыты бойынша сағат 22:25-те «Qazaqstan», «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Қазір Францияда дайындық қызған. Қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мыңға жуық адам қоғамдық тәртіпті қадағалап жүр. Ал, Сена өзенінің жағалауындағы спортшылар шеруі өтетін аумақтарға өту шектелген.
Нұрсұлтан Тілектес – Тілші:
Бірнеше сағаттан кейін төртжылдықтың басты бәсекесі басталады. Франция билігі әлем көз тіккен шараға қызу дайындалып жатыр. Ең басты мәселе ол әрине - қауіпсіздік. Париж көшелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге полицейлер мен волонтерлерді қоса алғанда 80 мың адам жұмылдырылған. Қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Қаладағы біршама метро бекеттері жабық. Ал, 206 елден келген спортшылар мен делегация өкілдері жүріп өтетін Сена өзені аймағына рұқсатпен ғана кіргізеді. Тіпті, Париж аспанынан ұшақтардың ұшуына да қатаң тыйым салынды. Франция билігі осы жолы жаһан жұртын таңқалдырды десек қателеспейміз. Өйткені олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тұңғын рет стадионнан тыс жерде өтпекші. Шарада 3000 өнерпаз өнер көрсетеді деген ақпарат бар. Айта кетейік кеше дзюдо, бокс және теннистен ұлттық құрама спортшыларының жеребе тарту арқылы қарсыластары белгілі болды. Спортшыларымыз техникалық, тактикалық тұрғыдан тас-түйін дайын. Елеміздің көк туын бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен өзінің төртінші олмпиадасына қатысқалы отырған Ольга Сафронова көтеріп шығады. Сондықтан біз болып, сіз болып ұлттық құраманың спортышалыраны қолдау көрсетейік, жанкүйер болайық.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17