Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды. Бұл оның шешімі. Теннисші бұл жолы жарыстан тыс қалуды жөн деп шешкен. Ол жанкүйерлеріне үндеу жасады. Спортшы Уимблдон турнирінен кейін бронхитпен ауырып, ем-дом алған. Толық жазылмағандықтан дәрігерлер жарысқа қатысуға тыйым салған көрінеді.
Елена Рыбакин, Қазақстанның бірінші ракеткасы:
Париж Олимпиадасына қатыса алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмайтыныма өкінемін. Еліміздің қоржынын алтынмен толықтыру үшін Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындалған едім. Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін! Мен барлық спортшыларымызды қолдаймын және олар біздің елімізді олимпиадаға лайықты түрде ұсына алады деп сенемін. Алға, Қазақстан!
Ұлттық спорт федерациясының мәліметінше, теннисші Елена Рыбакинаға тіпті Парижге ұшып баруға болмайды. Федерация спортшының саулығын тілеп, кортқа оралуға тілек білдірді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16