Жетісулық құтқарушылар 22 адамның өмірін сақтап қалды
Шомылу маусымы басталғалы Жетісу облысы құтқарушыларының да жұмысы қыза түсті. Себебі өңірде Алакөл, Балқаш сынды ірі су айдындарынан бөлек өзендер мен тоғандар өте көп. Биылдың өзінде 16 ересек адам мен 6 бала батып бара жатқан жерінен құтқарылды.
Талдықорғандағы муралдардың бірінде 20 жастағы Олжас Құлжабековтың бейнесі бар. Ол 2008 жылдың тамызында Қапшағай су қоймасында батып бара жатқан 3 баланы өлім аузынан алып қалды. Алайда өзі жағаға шығып үлгермеді. Өз өмірін құрбан еткен қыршын жастың ерлігін өзгелер қазір мақтан тұтады.
Индира Құлжабекова, О. Құлжабековтың әпкесі:
Мен өз бауырыммен мақтанамын. Оның ерлігі бәрімізге үлгі. Санаулы сәтте не боларын білмей тұра ол суға секірді. Адам өмірін сақтап қалды. Мына өмірде біз бір-бірімізге немқұрайлы қарамасақ екен. Балаларымызға ие болсақ екен. Сонда Олжас сияқты құрбан болған жандар да аз болады.
Ал талдықорғандық құтқарушы Мирас Нүсібақунов осыдан тура бір ай бұрын дәл осы жерде бір жасөспірімді судан алып шықты. Есінен танып бара жатқан балаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемге тапсырып жібереді. Кәсіби сүңгуір кеше Ақсу өзенінен тағы бір адамның денесін шығарды. Салғырттықтың соңы өкінішке әкеліп соқтырады дейді талай жанның өмірін сақтап қалған азамат.
Мирас Нүсібақунов, құтқарушы:
Жағадан ұзақ шомылмаңыз десең, ой мен малту білемін, мен жүзу білем деген сондай өзімшілдікке салып алады да кетіп қалады. Жағадан алыстап кетеді. Адам терлеп тұрып суға түсуі мүмкін. Неше түрлі жағдайлар болады. Аяқ- қолдары аяқ-астынан тартылып қалады. Енді өз өміріне өзі балта шауып отыр ғой көбісі.
Жетісу су айдындарында шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар 22 адамның өмірін сақтап қалды. Екеуі суға батып кетті.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16