Майқайың кен орнынан төртінші құтқарушының денесі табылды
Бүгін түстен кейін Майқайың кен орнынан төртінші құтқарушының денесі табылды. 55 жастағы Айып Тілеубергенов көлік жүргізушісі болатын. Естеріңізге сала кетейік 4-ші қаңтарда Майқайыңда көлік жолы опырылып, тереңдігі 66 метр шұңқырға 4 адам отырған автобус құлап кеткен еді. Келесі күні екі адамның денесі сыртқа шығарылды. Тек алты айдан кейін өткен аптада үшінші құтқарушының денесі табылды. Ал құзға құлаған автобусты мамандар кешке кешкісін тапты. Жаңбыр мен желдің әсерінен топырақ сырғуы мүмкін болғандықтан мамандар аса сақтықпен жұмыс істеді. Іздестіру шараларына 200-ден астам маман жұмылдырылды. 180 мың тоннадан артық тау-кен массасын қопаруға тура келген.
Олег Трещёв, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
3 мамырдан іздеуді қайта бастадық. Жұмыс өте күрделі болды. Бүгін сағат 4-тің шамасында төртінші құтқарушының денесін таптық. Сот сараптамасы тағайындалды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04