Министр тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді
Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі алда суық күндер келе жатқанын ескертіп, мердігерлер мен аудан әкімдеріне құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырды. Әрі инженерлік желілерді, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруді жүктеді.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Екі аптадан кейін осы жерге тағы келемін. Қазір бүкіл Қазақстанда осындай құрылыс жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен басты проблема - құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету. Одан кейін мобилизация.
Қазір су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін облыста 331 үй салынып жатыр. Оның 165-і Атбасар ауданында, 115 үй Бұланды ауданында бой көтерсе, Жарқайын ауданында 30, Есіл ауданында 21 баспана салынып жатыр. Бұл құрылыс жұмыстарына 7,1 млрд теңге бөлінген.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12