Қызылордада заманауи қан орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада заманауи қан орталығы ашылды

25.07.2024

Қызылордада заманауи қан орталығы ашылды. Енді медициналық ұйым жылына он мың донорды қабылдай алады. Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова баспаналы болған отбасылардың қуанышына ортақтасып, бірқатар жобалармен танысты.

Қаланың сол жағалауынан бой көтерген он тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Соның ішінде, баспанаға мұқтаж әлеуметтік осал топтағы жандар да жаңа қонысқа ие болды.

Гүлсезім Убайділдә - Қала тұрғыны:

2012 жылдан бастап кезекті күтіп бүгін міне кілтті қолымызға алып жатырмыз. Сол жағалаудан екі бөлмелі пәтер екен. Заманға сай су, жарық, барлығы бар. Қуаныштымыз.

Сондай-ақ, еңселі медициналық нысан - жаңа қан орталығы ашылды. Осы кезге дейін ғимараттан таршылық көріп келген мамандар енді жылына он мың донорды қабылдай алады. Жалпы еліміздің денсаулық сақтау саласын жақсарту бағытында «ауыл-аймақта әлі де ауқымды жобалар жүзеге асырылады»,- деді Үкім басшысының орынбасары.

Тамара Дүйсенова - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Облыс орталығына жету қиын болған уақыттарда ауданға мүмкіндік алсын деп сол жердің өзіне КТ, сонан кейін МРТ болмаса ангиографтарды қою мәселесін де қарастырып жатырмыз. Ол жөніндеде Қызылорда облысына үлкен көмек берілетін болады. Енді біздің сіздермен атқаратын жұмысымыз ұлттың денсаулығын сақтау.

Тамара Дүйсенова Махамбетов және Айдарлы елдімекендеріне де барды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін бастаған тұрғындармен кездесті. Бағдарлама аясында былтыр аймақта 406 кәсіпкер жеңілдетілген несие алған.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу