Несие қарызын өтей алмай жүргендер үшін 25 тамыздан бастап банкроттыққа өтініш беру жеңілдейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, «банкрот» деп танылғысы келетін азамат енді тек арыз тастайды. Кредитор немесе қарыз сомасы жөнінде қосымша құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ. Өтініш беруші туралы мәліметтерді Қаржы министрлігі өзі тексеріп алады. Сонымен бірге, 12 айға дейін қарызды кешіктірген болуы қажет деген талап алынып тасталды. Себебі жеке шотына ақша түссе, коллекторлар оны дереу өндіріп алады. Сәйкесінше бұл төлем жасалды деп есептелінеді.
Исабек Зауытбекұлы, Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы:
Кішігірім төлем болсын, төлем бар деп біз заңға сәйкес кері қайтаруға тиіс едік. Қазір заңға кішігірім өзгерістер енгізіп отыр. Егер 1 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, 3690 теңгеден аспаса, онда азамат банкроттық рәсімді қолдануға құқылы. Төлем қабілетін қалпына келтіру шартын қолданған кезде шетелге шығуға мүмкіндік алды. Бұрын осы бағыт бойынша тыйым салынған.
Айя Мүтәлі