Жамбышыларымыз Көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан бақ сынайтын қатысушыларымыздың дайындығы қызу. Алматы облысында ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Бұл – дайындықтың үшінші кезеңі. Қатысушылар ат үстінде садақ атып, нысанаға дөп тигізуі тиіс. Сәйгүліктердің де бабы келісіп, сақадай сай болуы маңызды. Дүбірлі додаға ең мықты спортшылардың екі құрамы қатысады.
Елдос Бадашев, ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері:
Екі құраммаен оқу-жиын жаттығуы өтіп жатыр. Ең үздіктері осы құрама команданың. Дайындығымыз 70-80 пайызға дайын деп ойлаймыз. Әлі жасайтын жұмыстарымыз бар. Техникалық, тактикалық түрдегі жұмыстарымыз бар.
Ералхан Айкөз, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі:
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06