Маңғыстауда мұнай сервистік компанияларының басшылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мұнай сервистік компанияларының басшылары ұсталды

24.07.2024

Маңғыстауда мұнайгаз саласында миллиардтаған теңге қолды болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, «Ойл Транспорт Корпорейшн» серіктестігінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтеген. Бұдан басқа, мердігерлерге көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған. Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру фактісі бойынша да тергеп-тексеру басталды. «Ойл Транспорт Корпорейшн» серіктестігінің бұрынғы басшысы ұсталды. Сонымен қатар, аталған компанияның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың 2 өкілі қамауға алынды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу