Банк шоттарын бұғаттау азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк шоттарын бұғаттау азаяды

23.07.2024

Енді азаматтардың банк шоттарын бұғаттау барынша азаяды. Салық органдары аз мөлшердегі берешек үшін тек хабарлама жіберумен шектелмек. Мұндай жеңілдіктер жаңа Салық кодексінде қарастырылады. Алматыда Қаржы вице-министрі, Сенат және мәслихат депутаттары мен бизнес өкілдері маңызды құжаттың негізгі тетіктерін талқылады. Министрліктің мәліметінше кодекс аясында мобильді топтар құру көзделген. Олар тексеріп, қадағалайтын орган емес, арнайы кеңес беру, салық төлеу бойынша қызметтер ұсынумен айналысады. Жиынға қатысқан Сенат депутаттарының пікірінше Салық кодексі бюджет кірісін көбейтіп, көлеңкелі экономикаға тосқауыл болады. Сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, кәсіпкерлердің жұмысына жағдай жасайды. Аталған жоба жан-жақты зерттеліп, көпшілік талқылауына ұсынылған. Алдағы күзде Парламент қарауына жіберіледі.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Тағы бір жеңілдіктің бірі – егер салық төлеуші уақытылы нысана тапсырмаса, әкімшілік жаза көзделген болатын, жыл сайын 150 мыңға жуық салық төлеуші осы жазаға тартылатын болған. Осы кодекс шеңберінде әкімшілік жазаны алып тастап отырмыз. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу