Риддерде 19 шақырым жылу құбыры ауыстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде 19 шақырым жылу құбыры ауыстырылады

23.07.2024

Риддер қаласындағы жылыу құбырының 85 пайызы ескі. Осының кесірінен қыста көпқабатты үйлердің көбі жылымайды. Өйткені қатты аязда қазандықтағы қысымды көтергенмен шіріген құбыр шыдас бермейді. Ал орталықтан жылытылатын кейбір әлеуметтік нысан мен үйлердің ішкі жылу жүйесі де тозып тұр. Сондықтан, шағын шаһардың жылу жүйесі қазір жаңаланып жатыр.

Маусым айының ортасынан бері Риддер қаласының астаң-кестеңі шығып жатыр. 40-50-жыл болған жылу құбырын ауыстыру үшін 4-5 мердігер мекеме жұмылдырлаған. Қазір қала бойынша 20 учаскеде ескі құбырлар қазылып алынды. Әр аумақта ауыстырылатын құбырдың ұзындығы әртүрлі.

Қайрат Дамолдинов, шебер:

Жұмысты 18-ші маусымда бастадық. Қазіргі уақытқа дейін жұмыстың 50 пайызы істелінді. Егер ауа райы қолайлы болып тұрса, уақытында белгіленген мерзімде аяқтаймыз.

Белгіленген мерзім тамыздың соңы. Сондықтан жұмыс ауқымы үлкен, мердігерлер екі ауысымға көшкен. Өйткені кестеден кешігуге болмайды.

Дәурен Аманқалы, мердігер мекеме өкілі:

Былтыр Риддер қаласы бойынша 6 шқарымдай құбырларды ауыстырғанбыз. Биыл бізде 7 шақырым. Бізде қазір істеп жатыр 20 нысан. 20 нысанда 45 адам жұмыс істеп жатыр.

Риддер жылыту электр орталығы 1955 жылы салынған. Станцияда 6 қазандық және 4 турбина бар. Бүгінге дейін 5 қазандық жаңартылды. Ал қалада жалпы 130 шақырым жылу құбыры бар. Осы жазда 36 шақырым жаңаланбақ. Жылыту орталығын жаңғыртуға биыл республикалық бюлжеттен 8 миллиард 200 миллионе теңге бөлінді. Оның 2 миллирды тек құбырларды ауыстыруға жұмасламақ.

Нұрлан Рамазанов, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:

Биыл қаражат бөлу, қаражатты қарастыру жұмыстарын ерте бастадық .Дефектовка мен сметаны қыс айларынан бастап дайындадық. Жалпы облыс бойынша 32 қазандық бар.Олардың барлығында биыл жұмыстар жүргізілетін болады.

Риддер жылыту электр орталығындағы 6 қазандық та биыл іске қосылады. Электр торабына қатысты құрылғылар да биыл жаңғыртылады. Осы жұмыстар ойдағыдай іске асса энергия өндіру де жолға қойылмақ.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу