«СҚ-Фармация» серіктестігінде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша аукциондардың жартысынан көбі бәсекелестік емес тәсілмен өткен. Бұл туралы Антикор хабарлады. Сөйтіп, фармацевтикалық компанияларға басқа жеткізушілермен сөз байласу арқылы баға көтерілген. Шарттарға сәйкес келмейтін тендерлерге жеткізушілерді жіберу, сондай-ақ сараптама қорытындысын елемеу фактілері де анықталды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұған қатысты қажетті кадрлық шешімдер қабылданғанын айтты. Дәрі-дәрмекті сатып алу басқа методологиямен жүргізілетін болады, деді. Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен айналысатын жалғыз дистрибьюторды жабуға болмайды. Өйткені, «СҚ-Фармаци»я құрылғалы бері 200 миллиард теңге үнемделген.
Динара Жарқынбек