Астанада бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

23.07.2024

Елордада әкімдік өкілдеріне сот үкімі шықты. Олар 60 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырып, қарамағындағы қызметкерден 4 миллион теңге көлемінде пара алған. Прокуратура дерегіне сай, айыпталушылар «Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының» басшысы мен қызметкері. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында олар ақша жымқыру, оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсеткен. Спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған. Оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Сот үкімімен дирекция басшысы 5 жылға, ал оның сыбайласы болған қызметкері 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу