МӘМС өкілдері жоғары аудиторлық палатаның тексеріс қорытындысына пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МӘМС өкілдері жоғары аудиторлық палатаның тексеріс қорытындысына пікір білдірді

23.07.2024

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Жоғарғы аудиторлық палата анықтаған келеңсіздіктерге қатысты түсіндірді. Көптеген заңбұзушылық ақпараттық жүйелердегі ақаулар және цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігінен болды деп отыр. Қор өкілдерінің айтуынша, тексеру қорытындысында көрсетілген деректер әлдеқайда аз. Аудиторлар әлеуметтік сақтандыру қорынан қаржыландырылған медициналық қызметтер үшін шамамен 32,5 миллиард теңге болатын қызметтерге екі есе ақы төленгенін анықтаған еді. Қор шоттарында бюджет қаражатының 26 пайызы игерілмеген делінген. Сақтандыру қоры бұған тиісті бұйрықтың кеш қабылдануы себеп болды деп отыр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі:

Қордың өзге де басымдықтары – ашықтық, есептілік және корпоративтік тәуекелдерді енгізу. Мұндай саясат қаржылық бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етті. Жоғары аудиторлық палатаның ағымдағы тексеру нәтижелері алдыңғымен салыстырғанда төмен екенін көрсетті.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу