Қызылорда облысындағы аудандарда мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үйлер салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы аудандарда мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үйлер салынып жатыр

22.07.2024

Қызылорда облысында биыл тұрғын үй құрылысы қарқынды. Бүгінде Қазалы мен Арал аудандарында баспанаға мұқтаж әлеуметтік осал топтағы жандар үшін 274 пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Сыр өңіріне келген Парламент Сенатының депутаттары ауыл-аймақты аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысып жүр. Аралда ұлттық жоба аясында 300 орындық «Жайлы мектеп» пен теміржол үстінен автожол көпірі салынып жатыр. Бұл халықтың сұрауымен қолға алынған игі бастамалар. Ал Қазалы ауданының орталығында 150 отбасы алдағы күзде жаңа қонысқа ие болады. Қазір үйлердің қабырғасы қаланып, төбесі жабылған. Халық қалаулылары нысандардың құрылыс барысын көрді. Сондай-ақ тұрғындармен жүздесіп, көптің талап-тілегін тыңдады.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Алдағы сессияда осы айтылған ұсынымдардың аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Олардың қатарында Су Кодексіне, Жер Кодексіне болашақта өзгерістер енгізу, сонымен бірге шалғай ауылдағы елді мекендерді сапалы медициналық қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесіне алдағы жұмыс жоспарымызға енгізілетін болады. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу