Джо Байден президент сайлауына қайта түспейтін болды. Бұл жайлы АҚШ президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Дегенмен, Ақ үй басшысы қазіргі мерзімін толық аяқтайтынын айтты. Байден президент сайлауына демократиялық партия атынан өзінің ізбасары ретінде вице-президент Камала Харристің кандидатурасын қолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, басты қарсыласы Трамппен дебат кезінде бірнеше рет сөзден жаңылып, өзін сәтсіз көрсеткен соң Байденнен екінші рет президент сайлауына түсуден бас тартуды талап етушілер көбейген еді. Тіпті, демеушілер сайлау науқанына қарастырған қомақты қаржы бөлуді тоқтатып тастаған-ды. Алғашқы күндері бұған наразылық білдіріп, сайлаудан бас тартпаймын деп мәлімдеген ақ үй басшысы арада екі апта өтпей райынан қайтып отыр.
Жалғас Сәдібекұлы