Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды

20.07.2024

Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасы – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды. Дүбірлі додаға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деген жоспар бар. Астанада өтетін жарыста спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Осы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Ақмола облысында «Jańa Dala Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрме-демонстрациясы өтті.11 жылдан бері дәстүрлі түрді өткізілетін агрофорумда биыл туризм және спорт бағыттары қамтылды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың арнайы шақыруымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция мамандары да келді. Олар екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын ойын бағдарламасымен таныстырып, спортшыларымызға жанүйер болуға шақырды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу