Ресейде инфляция салдарынан қымбатшылық белең алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде инфляция салдарынан қымбатшылық белең алды

20.07.2024

ЕуроОдақ Ресейге салынған санкцияны тағы да ұзартты. Ал көрші елде бір айда инфляция 9 пайызға жуық өсті. Салдарынан қымбатшылық жайлап, елде жұмыс күші жетпей жатыр.

2022 жылдан бастап ірі алпауыт компаниялар Ресейден біржолата кетті. Еуропамен де алыс-беріс үзілді. Экономикалық шектеулерге байланысты газ өндірісі төмендеп, шикізаттық емес тауарлардың экспорты қысқарды. Сондықтан қымбатшылық қос бүйірден қысып тұр. Әсіресе азық-түлік, техника, бағасы көкке ұшқан.

Владимир Евсеев, сарапшы:

Кезек күттірмей шешетін мәселелер бар. Өйткені ұшақ, көлік жөндейтін құралдарды жеткізу қиындады. Кей елдер Ресейге әуе рейстерінің қатынағанын қаламайды. Бұл баға саясатына кері әсер тигізгені анық.

Экономикалық шектеулер барлық салаға кері әсерін тигізді. Мәселен, ипотекалық төлемдер өсіп, жалға алу құны 150 мың рубль болатын пәтердің ипотекалық құны айына 520 мың рубльге дейін жетті. Сонымен қатар, құрылыс, қоғамдық тамақтану, медицина, ІТ салаларында жұмысшы жетпейді.

Гарри Мурадян, кәсіпкер:

Қазіргі таңда еңбек мигранттарына талап күшейтілді. Сондықтан шетелден Ресейге келетін жұмысшы саны күрт азайды. Тіпті кей өңірлерде 8 жұмыс орнына бір адамнан келеді.

Соңғы екі жылда Ресейден бір миллионнан астам адам кеткен. Ал экономистер алдағы бірнеше айда Ресейде инфляция жеделдеп, 10 пайызға жететінін айтады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу