Түркияда орман өрті өршіп тұр
Түркияда жаз басталғалы орман өрті өршіп тұр. Аптап ыстықтың кесірінен күн сайын елдің әртүрлі аймағында ондаған орман өрті тіркеледі. Кеше ғана Измир қаласы маңында алапат өрт болып, бірнеше елдімекенде адамдар қауіпсіз жерлерге көшірілген. Дәл қазір өрт болған жердегі жағдай қалай?
Айдос Әшімұлы, тілші:
Измир қаласы маңында кеше түсте басталған орман өрті ауыздықталды. Алапат өрт желдің кесірінен өте тез жайылып, Измир әуежайының жанына дейін келген. Өрт сөндірушілер түні бойы қызыл жалынмен алысып, таңертең оттың жайылуын тоқтатты. Қазір отты толық сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Орман министрлігінің хабарлауынша, жарақат алған немесе қайтыс болған адамдар жоқ. Кеше бір күнде ғана 34 жерде орман өртенген. Олардың тоғызы аса қауіпті саналады. Дегенмен олардың барлығы бір тәулік ішінде сөндірілді. Орман министрінің айтуынша, өрттің негізгі шығу себебі – адамдар.
Ибраһим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі:
Ормандарымыздың өртенбеуі тек бір министрлікке немесе орман қорғаушыларға ғана емес, азаматтардың барлығына байланысты. Ештеңе етпес деп орманда от жақпауымыз керек. Себебі орман өрттерінің 90 пайызы адамдардың кесірінен болады. Орман өртін сөндіруден гөрі оның шықпауын қадағалау маңыздырақ.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Соңғы күндері ауа райының қатты ысуынан Түркияның әр жерінде орман өрттері жиіледі. Мамандар жыл басынан бері 1000-ға жуық орман өрті болғанын күніне шамамен отыз жерде орман өрті тіркелетінін айтты. Елдің төтенше жағдай және өрт сөндіру қызметтері қыркүйек айына дейін күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48