Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақмола облысындағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді. Степногорск қаласының жылу-электр орталығындағы екі қазандықты күрделі жөндеуден өткізу үшін биыл 7,4 млрд теңге бөлінген. Қазір екі турбогенератор бойынша жұмыс аяқталды. Сонымен бірге, ұзындығы 7,5 км магистралды жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге қарастырылған. Бірінші вице-премьер жұмыстың қарқынын бағалады. Роман Скляр Көкшетау қаласында екі қазандықтың да жұмысымен де танысты. Қазір мұнда Үкімет резервінен бөлінген 3,7 млрд теңгеге жылу желілерін және құбырларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, 1,5 мың орындық екі жайлы мектептің құрылыс барысын тексеріп, жауаптыларға мерзімінде аяқтауды жүктеді.
Айя Мүтәлі