Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады
Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі аяқталуына екі ай қалды. Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары 15 қыркүйекке дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы алғанда биыл 2 млн 400 мың адам қамтылады. Әзірге оның 1 млн-нан астамы ғана ұсынған. Ал декларация тапсырып үлгермегендер немесе тапсырудан әдейі жалтарғандар жауапқа тартылады. Алдымен оларға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде тағы қайталаса – 55 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Жалпыға бірдей декларациядан қорқып керегі жоқ. Себебі осы декларацияны бірде тапсырсаңыз, өзіңіздің ашықтығыңызды, таза бизнесте жүргеніңізді, жасырын бизнесіңіз жоқ екенін білдіреді. Өзіңіздің азаматтық принципіңізді көрсеткеніңіз болып саналады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13