Қазақстанда жасанды интеллектің ұлттық платформасы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жасанды интеллектің ұлттық платформасы құрылады

19.07.2024

Елімізде жасанды интеллектің ұлттық платформасы құрылмақ. Оны дамытуға ірі халықаралық компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтар көмектесуге ниетті. Бұл туралы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғари айтты. Тұжырымдама бойынша инфрақұрылымды дамыту үшін Қазақстанда суперкомпьютерді орналастыру, халықаралық әріптестік арқылы деректерді өңдеу орталықтарын салу және талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту шараларын қолға алу жоспарланған. Қазір халықаралық технологиялық компаниялармен деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деді министрлік өкілі. Жалпы, платформа деректер жиынтығы, есептеу қуаты және басқа жасанды интеллект құралдары сияқты қажетті ресурстарды қамтиды. Ол мемлекеттік органдарға, стартаптарға, жоғары оқу орындары үшін қолжетімді болады. 2029 жылға қарай платформада жыл сайын 25-ке дейін жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу жоспарланып отыр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу