Қызылорда облысында екі ауыл табиғи газға қосылды
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақай, Төретам елдімекендері көгілдір отынға қосылды. Бұл Байқоңыр қаласының іргесіндегі қос ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Сыр өңіріне келген Сенат депутаттары жергілікті жұртшылықпен жүздесіп, көптің талап-тілегін тыңдады. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар шалғай ауылдарда дәрігерлік амбулатория бой көтеруде. Сондай-ақ, облыс бойынша 10 спорт кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмысын жақсарту бағытында «елдімекендерді газдандыру жұмыстарының маңызы зор»,- дейді сенаторлар.
Наурызбай Байқадамов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өзіндік құқықтық ерекшелігі бар Байқоңыр қаласының іргесіндегі екі елдімекенге газ берілуі шынында да бізді қуантарлық жағдай. Және де осы елдімекендерге газ берілу арқылы Қармақшыдағы газды пайдаланып отырған тұрғыдар үлесі 60 пайыздан 70 пайызға жуықтап отыр. Әрмен қарай тұрғындармен кездесіп, пікір жинап, оны Парламент жұмысындай пайдаланатын боламыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05