Жасанды интеллект саласында мамандарды дайындау қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасанды интеллект саласында мамандарды дайындау қолға алынды

19.07.2024

Биыл студенттерге қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетіктері енгізіле бастады. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның сөзінше, елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылған. Цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Жасанды интеллект саласында кадрларды дайындау мәселесі қолға алынды. Қазіргі таңда 17 жоғары оқу орнының негізінде 15 арнайы пысықталған бағдарламалармен 2 мыңнан астам студентіміз оқуды алуда. Осындай нәтижелерді қысқаша баяндадық.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу