Су тасқыны салдарын жоюға қосымша 22,7 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны салдарын жоюға қосымша 22,7 млрд теңге бөлінді

19.07.2024

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22 млрд 700 мың теңге бөлді. Қаражат енді Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су шайып кеткен жолдарды, сондай-ақ көпірлерді қалпына келтіруге және құрылыс жұмыстары үшін жергілікті әкімдіктерге бөлінеді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында 31 жоба қолға алынған. Ауыл-аудандарды жалғайтын автожолдар жөнделеді. Ал Қостанай облысында қаражат 22 бағыт бойынша жолдар мен көпірлерді жөндеуге жұмсалады. Ақмола облысында 14 бағыт бойынша тас жол қалпына келтіріледі. Солтүстік Қазақстан облысында 10 жолды, оның ішінде Көкшетау-Омбы бағытындағы трассаны жөндеу, 22 шақырым су өткізу құбырларына орташа реконструкциялау жұмысы жүргізіледі. Үкімет басшысы қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

Дархан Рахымжан


Хабарламаларға жазылу