Алматыда вейп сатумен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вейп сатумен айналысқандар ұсталды

18.07.2024

Елімізде вейп сатуға тыйым салынса да, заңсыз саудамен айналысатындардың саны азаймай тұр.

Мәселен Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдегі мына пәтер заңсыз өнімге толы қоймаға айналған. 11 адам сауданы телеграм арқылы сатып келген. Тексеріс кезінде 20 мың вейп табылды.

Алматыда да бұл өнімнің заңсыз саудасы қызған. Қалалық полиция бір күннің ішінде 8 мың вейп тәркіледі. Мұнда да сату схемасы онлайн жүзеге асып келген. Ал тауар курьерлер арқылы жеткізілген. Қойманың көбі үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтарда болған. Заңсыздыққа барғандар 50 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Болмаса 740 мың теңгеге жуық айыппұл салынады немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу