Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамытудың моделі әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамытудың моделі әзірленіп жатыр

18.07.2024

Елімізде жасанды интеллект мүмкіндіктерін жетілдіру ісі қарқынды жүріп жатыр. Мәселен Назарбаев университетінің қабырғасындағы ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты қазақ тілінің ауқымды тілдік моделін әзірлеуде. Жоба – елімізде және Орталық Азияда жасанды интеллект мүмкіндіктерін дамытуға арналған. Жүйе бірнеше тілде қызмет көрсетеді. Ана тілде ақпарат беретін модель іске қосылса, қазақ тілді контент көбейеді дейді жоба жетекшілері. Қазақ тіліндегі алғашқы KAZ-LLM моделі биыл 16 желтоқсанда көпшілікке таныстырылады. Сондай-ақ елімізде жасанды интеллект технологияларын дамытуға негізделген жаңа зерттеу бастамалары бар. Олардың ішінде Tilmash аударма моделі мен Umay – әйел даусында қазақша еркін сөйлейтін виртуалды көмекші бар.

Ербол Әбсалямов, Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты директорының орынбасары /Назарбаев университеті/:

Қыркүйекке қарай деректерді жинау жұмысын аяқтаймыз. Бізге қойылған тапсырма - модель ретінде оны жасау керекпіз. Әрі қарай оны біз цифрлық министрлікке тапсырамыз. Олар оны серверге қою керек. Қазақ тілінде бір білгіңіз келсе мәлімет сол модель арқылы сөйлесе аласыз. Қазақ тілінде сізге сұраққа жауап бере алады. Ағылшын, орыс, түрік тілінде жауап береді. 

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу