280 млн пара алған Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы 11 жылға сотталды
Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы 11 жылға сотталды. Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласының білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыхановқа қатысты үкім шығарды. Ол бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасырғаны және бас бухгалтерді жұмыстан босатпағаны үшін 280 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ж. Жолдыханов 11 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Әділет Бақытов, Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы:
Мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субьектілерінде лауазымдарын атқаруға өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу белгіленсін. Жолдыхановқа қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын, жаза үкім күшіне енген күннен бастап есептелсін.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13