Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін 7500 мұғалім даярланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін 7500 мұғалім даярланады

18.07.2024

«Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ел бойынша 7500 мұғалім қаржылық сауаттылықты оқыту дағдысын үйренеді. Қаржылық сауаттылық туралы жаңа пән алдағы күзде оқу бағдарламасына енгізіледі. Оқу семинарында Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мұғалімдер қоғамдағы прогрессивті бастамалардың негізгі нұсқаушысы екенін айтты. Сондықтан педагогтердің қаржылық сауаттылық пәнінің мәнін түсінуі және жастарды оқытуы маңызды. «Қарызсыз қоғам» жобасы басталғалы 150 мыңға жуық адам оқудан өтті. Биыл 750 мың адам қамтылады. Одан бөлек, қаржылық сауаттылық бойынша мектеп олимпиадалары өткізіледі. Оқу курсының қатысушыларына ыңғайлы болу үшін qogamfin.kz. онлайн-платформасы әзірленген. Сайт арқылы пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы – «Amanat» партиясының төрағасы:

Бір жылдан астам уақыт болды. «Қарызсыз қоғам» деген жобаны бастап, іске асырдық. Өздеріңіз білетіндей Президент Үкіметпен бірлесіп, бұл бастаманы жалпыұлттық жобаға айналдыруды тапсырды. Бірақ болашақ біздің азаматтарды дайындамасақ, онда оның барлығы зая кетеді. Өйткені біздің мектептегі оқушыларымыз олар ертеңгі азаматтарымыз. Оларды өмірге дайындауымыз керек.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу