Грекияда аптап ыстықта даладағы жұмысты тоқтатуға кеңес берілді
Әлемнің өзге елдерінде де ауа райы құбылып, қолайсыздық танытып отыр. Грекияда аптап ыстық. Соңғы күндері мұнда ауа температурасы 40 градустан асқан. Елдің еңбек министрлігі тұрғындарды күн шыжыған кезде даладағы жұмысты тоқтатуға шақырды. Бұл кеңес: құрылысшыларға, курьерлерге де қатысты. Елде аптап ыстық «маусым» айында басталған еді. Содан бері сырттағы тіршілікті қайта-қайта доғаруға тура келіп отыр. Кеше әйгілі Акрополь туристер үшін бес сағатқа жабылды. Жергілікті метео мамандар күн тек осы айдың соңына қарай салқындайды дейді. Аптап ыстықтан қазір Балқан түбегіндегі өзге елдер де зардап шегуде.
Мұстафа Зарович, жергілікті тұрғын:
Биылғы ыстықты апатқа теңеуге болады. Басқалар үшін қалай екенін білмеймін, шынымды айтсам, өзім қиналып жүрмін. Мұндай кезде фонтандарға жиірек барып, суды көп ішкен дұрыс шығар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесуден жеңген спортшылар елге оралды
20.10.2026, 13:17
Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр
20.10.2026, 13:15
Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
20.10.2026, 13:12
Павлодарда өрт сөндіруші роботты сынады
20.10.2026, 13:10
Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды
20.10.2026, 13:09
Ыстанбұлда селге себеп болған ғимараттар сүріледі
20.10.2026, 13:07
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 13:05
Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
20.10.2026, 13:03